Мектеп тарихы
Алғы сөз
Құрметті, оқырмандар! Бұл кітапта тарихы терең білім ордасы Тасарал орта мектебінің тарихымен жан-жақты танысуға болады. Кітап негізі 9 бөлімнен құралған.
Мектепте бұрынғы жұмыс істеп кеткен мектеп басшылары, олардың орынбасарлары, ұлағатты ұстаздар. Мектеп түлектері арасынан шыққан мектеп мақтаныштары: ғылым кандидаттары мен ғылым докторларымен танысасыздар.
Олар жөнінде жан-жақты деректер жинақталған. Мектептің 50 жыл тарихында мектепті бітіріп кеткен сыныптар бойынша оқушылар тізімімен таныса аласыздар.
Ақын-сазгер жақсы ағаларымыздың өмірбаяндарымен, олардың ауыл туралы шығарған өлеңдерін оқи аласыздар.
Мектептің қазіргі жағдайын, онда білім беріп жатқан ұстаздар жөнінде мәліметтер бар.
Мектеп тарихы келер ұрпаққа өте құнды, өте қажетті дерек болмақ.
Тарихы терең, өнегелі білім ордасы
...